29.04.2026
📢 СҮЙІНШІ! ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ТІЛ ШЕБЕРІ АНЫҚТАЛДЫ! 🏆💯
Бүгін біз үшін, бүкіл Қосшы қаласы үшін ерекше мақтаныш пен қуанышқа толы күн! 🌟
Біз сізді құттықтаймыз, Мухамбетжанов Алишер Туреханулы! 💐Қосшы қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастырған «Тіл шебері – 2026» қалалық байқауының жеңімпазы, 🏆 І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ🏆иегері болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉🤝
Әлишер, сіз байқау барысында өзіңіздің терең біліміңізді, тілге деген ерекше сүйіспеншілігіңізді және жан-жақты дарыныңызды айқын көрсеттіңіз! 👏 Дипломда жазылғандай, сіздің «үлгілі нәтижеңіз бен ерекше дарыныңыз» лайықты бағасын алды! 💪📚 Бұл — үлкен еңбектің жемісі және біздің жас дарындарымыздың үлкен жетістігі!
Сізге бұл жеңістің тек бастамасы болуын тілейміз! Болашақта да білім биіктерінен көрініп, қазақ тілінің мәртебесін асқақтата беріңіз! Әрдайым алда болыңыз, шабытыңыз таусылмасын! 🚀🌠
Мерейіңіз үстем болсын! 🤩