Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп.
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Заңды мекен жайы:Кенесары хан 15
2021 жылы мектеп 217 қызмет көрсетті;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны-159;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны-58.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Бұл көрсеткіштер 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету деректерімен салыстырғанда біраз жоғары.Атап айтқанда 2020 жылы мектеп жалпы 169 қызмет көрсеткен,соның ішінде электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны-117;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны-52.
Осы мәліметтерді салыстырмалы түрде талдайтын болсақ электрондық қызмет көрсеткіштері басымдыққа ие бола бастағанын көреміз.Мектепте электрондық қызмет түрлерін қабылдап,қызмет көрсетуге барлық мүмкіндік қарастырылған.
Алдағы уақыттарда да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде атқару
үшін барлық мүмкіндіктерімізді ұтымды пайдаланатын боламыз.
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған sс0028.celinograd.aqmoedu.kz.
Мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2021 жылы әлеуметтік желілерде мақала жарияланды. Ай сайынғы негізде, интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
2022 жылы тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.