18.05.2026
Өнерлі өрендеріміз халықаралық байқауда бас жүлдені бағындырды! 🏆🩰✨
«БАЛА ШАБЫТЫ» халықаралық конкурс жобасы аясында өткен «HAPPY VIBES» дарынды балалар мен жастарға арналған байқауда Тайтөбе мектебінің намысын қорғаған жас бишілеріміз зор табысқа жетіп, жүлделі І дәрежелі орынды иеленді! 🥇 Төл өнерімізді сахнада жарқыратқан 1- сынып оқушылары «Нүрбиші» кіші тобы, би үйірмесінің жетекшісі – Венара Ержанқызы. 👩🏫 Нағыз еңбек пен дарынның үйлесімі осындай биік белесті бағындыруға жол ашты!
Ұлттық бидің құдіретін ұлықтап, сахнада ерекше шеберлік пен шынайы сезім танытқан жеңімпаздарымыз: 🧠💡
«Хореография» номинациясы бойынша, Қазақ биі «Домбыра» – І дәрежелі диплом 🏆🥇
Біздің кішкентай дарындарымыз қазақ биінің нәзіктігі мен динамикасын қатар үйлестіріп, қазылар алқасы мен көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Олар өздерінің асқан шеберліктері мен жоғары дайындықтарының арқасында халықаралық деңгейде барлық қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, І-дәрежелі дипломдармен және жеңімпаз кубоктарымен марапатталды. 📜
Сондай-ақ, бұл жеңіс – шәкірттердің бойына өнер нәрін егіп, бидің қыр-сырын үйреткен жетекші ұстаз Венара Ержанқызының да ерен еңбегі мен кәсібилігінің жемісі. 💐
Жеңімпаз оқушыларымыз бен олардың жетекшісін осынау керемет халықаралық жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐👏 Сіздердің бұл жеңістеріңіз – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш, ұлттық құндылықтарымыз бен би өнерінің салтанаты!
Алдағы уақытта да өнер айдынында жүзіп, шығармашылық табыстар мен жаңа биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! Қанаттарыңыз талмай, өнерлеріңіз үстем болсын! 🚀🌟
Мектеп әкімшілігі 🏫🚀🌟