18.05.2026
Өнерлі өрендеріміз «DARYN fest» байқауында бас жүлделерді бағындырды! 🏆🎶✨
«DARYN fest» Қазақ ұлттық аспаптар мен дәстүрлі ән, жыр-термешілер республикалық/қалалық байқауында мектебіміздің намысын қорғаған өнерпаздарымыз зор табысқа жетіп, қос бірдей Бас жүлдені – І орынды иеленді! 🥇🪕Үйірме жетекшісі Серикббаева Назипа Полатовна.
Ұлттық өнердің құдіретін ұлықтап, сахнада ерекше шеберлік танытқан жеңімпаздарымыз: 🧠💡
«Квинтет» (кіші топ) – І орын 🏆
«Балбұлақ» домбырашылар ансамблі (орта топ) – І орын 🏆
Біздің жас дарындарымыз қазақтың қара домбырасы мен төл өнерін асқақтатып, қазылар алқасы мен көрермендердің ықыласына бөленді. Олар өздерінің асқан шеберліктері мен дайындықтарының арқасында барлық қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, І-дәрежелі дипломдармен және жеңімпаз кубоктарымен марапатталды. 📜 Сондай-ақ бұл жеңіс – шәкірттерді өнер нәрімен сусындатқан жетекші ұстаздың да ерен еңбегінің жемісі.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін осынау керемет жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐👏 Сіздердің бұл жеңістеріңіз – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш, ұлттық құндылықтарымыздың салтанаты! Алдағы уақытта да өнер айдынында жүзіп, шығармашылық табыстар мен жаңа биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! Қанаттарыңыз талмай, өнерлеріңіз үстем болсын! 🚀🌟 Мектеп әкімшілігі 🏫🚀🌟