30.07.2026
📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! 📢
«Тайтөбе ауылының ЖОББМ» КММ базасында болашақ оқушыларымызды мектепке дайындайтын «Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз! 🎒✨
🗓 Мерзімі: 3 тамыздан 14 тамызға дейін
⏰ Уақыты: 10:00 – 11:40 аралығы
Күн сайын балаларыңызды сауат ашу мен математика негіздері, логика, қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, сурет салу, мүсіндеу және құрастыру сияқты қызықты да пайдалы сабақтар күтеді! 🎨📚🧠
❗️ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: ❗️
Сонымен қатар, 1-сыныпқа құжат қабылдау әлі де жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз! 🏫 Егер балаңызды мектепке тіркеп үлгермесеңіз, уақыт созбай мектепке келіп, құжаттарыңызды тапсыруларыңызды сұраймыз. 📄🖊️
Балаларымызды жаңа оқу жылына бірге дайындайық! Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз! ❤️🏫