«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы

18.09.2026

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы

Қазақстанда алғаш рет өтетін ауқымды марафон еліміздің барлық өңіріндегі оқырмандарды біріктіреді.

Марафон: 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы сәуір.

Қатысуға болатын 7 бағыт:
• «Кітап оқитын мектеп»
• «Кітап оқитын колледж»
• «Кітап оқитын университет»
• «Кітап оқитын педагог»
• «Кітап оқитын әулет»
• «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»
• «Кітап оқитын зияткер»

Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 кітап оқиды. Негізгі оқу кезеңі 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады.

Қорытынды кезеңде тестілеу және интеллектуалды квиздер өткізіледі.

Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар қаржылай сыйлықтарға ие болады:
І орын – 600 000 теңге
ІІ орын – 450 000 теңге
ІІІ орын – 300 000 теңге

Қатысу үшін:

  1. https://reading-nation.kz/ цифрлық платформасына өтіп, тіркеліңіз.
  2. Ұсынылған кітаптар тізімімен танысыңыз.
  3. Кітап оқып, тест тапсырыңыз.

Кітап оқыған сайын ой-өрісіңіз өсіп, біліміңіз толығып, көкжиегіңіз кеңейеді!

Іске сәт!

Просмотров: 109


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст