14.09.2026
📚 МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАТТАУ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ
«Тайтөбе жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және педагогикалық шеберлігін бағалау бағытында аттестаттау жұмыстары жүргізілуде.
✨ Биылғы пилоттық жоба аясында мектебімізден 9 педагогтен өтінім қабылданды.
🔹 8 мұғалім – педагог-модератор біліктілік санатына;
🔹 1 мұғалім – педагог-сарапшы біліктілік санатына өтінім тапсырды.
Бұл – ұстаздардың кәсіби ізденісін, біліктілігін арттыруға деген ұмтылысын және өз тәжірибесін жетілдіруге бағытталған жауапкершілігін көрсетеді.
🌱 Әр педагогке аттестаттаудан сәтті өтіп, еңбегінің жемісін көруге тілектеспіз!
Білім сапасы – білікті ұстаздан!
Ұстаз жетістігі – мектеп жетістігі! 💐
#ТайтөбеМектебі #Аттестаттау #Педагог #ПедагогМодератор #ПедагогСарапшы #ПилоттықЖоба #ҰстазЖетістігі #БілімСапасы