"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылға арналған есеп.

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ Заңды мекенжайы: Тайтөбе ауылы Кенесары хан көшесі 15 электрондық мекенжайы: 19 tajtobe_mektep @mail.ru

       2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2023 жылы мектеп бойынша 178 қызметті көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 178

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 178;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 0.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://sh-taitobe-celinograd-akmol.edu.kz/ білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

 

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат. Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

 3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). 2023 жылы білім басқармасы және ведомствоға қарасты ұйымдар БАҚ және әлеуметтік желілерде 2 мақала жарияланды, 2 дөңгелек үстел өткізілді. Ай сайын қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіліп отырады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.

 

 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мектепте жауапты қызметкер қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес  мектепте ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді.

    Жалпы олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2024 17:41
Құрылған күні: 29.02.2024 11:21

Текст