"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мен оқушымын" психологиялық тренинг хаттамасы

Хаттама

Күні: «22» қыркүйек 2025 ж.
Тақырыбы: «Мен – оқушымын»
Қатысушылар: 1-сынып оқушылары
            2025 жылдың 22 қыркүйегінде 1-сынып оқушылары үшін «Мен – оқушымын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндердің мектеп өміріне бейімделуін жеңілдету, жаңа ортада өздерін еркін, сенімді ұстауға көмектесу, сонымен қатар ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға үйрету болды.

Тренинг жылы шыраймен басталып, балалар «Сәлем, досым!» атты амандасу шеңбері арқылы бір-бірімен танысып, позитивті көңіл-күй қалыптастырды. Кейін «Менің атым – ...» ойыны арқылы әр оқушы өзін таныстырып, жаңа достар табуға мүмкіндік алды.

«Мектеп деген не?» атты ой бөлісу сәтінде балалар өз ойларын ашық айтып, мектепті білім ордасы, достық мекені, қызықты ойындар мен жаңа үйренулердің орны ретінде сипаттады.

Сергіту сәтінде өткен «Айна» ойыны балалардың көңілін көтеріп, қимыл-қозғалысын арттырды. Бұдан соң оқушылар түрлі-түсті қарындаштармен «Менің мектебім» тақырыбында сурет салып, өз қиялындағы мектеп бейнесін қағаз бетіне түсірді.

«Жақсы бала қандай болады?» жаттығуы кезінде балалар күн шуағына жақсы қасиеттер жазылған стикерлер жапсырып, мейірімділік, адалдық, тәртіптілік сияқты адами құндылықтарды атап өтті.

Соңында «Сиқырлы сыйлық» ойыны ұйымдастырылып, әр бала қорапшадан бір тілек алып, жақсы сөздермен бөлісті. Бұл сәт тренингтің ең жылы, әсерлі бөлігі болды.

Қорытынды:
      Тренингке қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өзара жылы қарым-қатынас орнатты. Сабақ көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Іс-шара мақсаты толық орындалып, балалардың мектепке деген қызығушылығы мен сенімділігі артты.

 


Текст