Сынып сағаты
Жолда жүру ережелері
Сыныбы:
6 «Ә»
Сынып жетекшісі: Картаева Н.Е
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: Жолда жүру ережелері
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс -жүзінде асыра білуге үйрету. Дамытушылық: жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәрбиелік: тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
- Балалар, бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелері қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?
Ой қозғау.
- Ендеше, балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
- Көшеде жүру тәртібі.
- Көшеде жүру тәртібі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Жаяу жүргінші, тротуар, жол белгілер, машиналар, бағдаршам, инспектор, қиылыстар
- Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3 топқа бөлініп, сайысқа түсеміз.
1 – оқушы: (бағдаршам болып киінеді)
Бағдаршам аты,
Көп көзі бар батыр.
Тоқ болған мен заты,
Өзінде көп ақыл.
Тұрады ол дәйім,
Бұрышында жолдың.
Қиып өткен сайын,
Қарайтұғын балғын.
- Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?
- Ендеше Қандай оқушы тапсырмаларды жақсы орындайды «Үздік жүргіншілер» атағына ие болды.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген, - деп «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр оқушы дұрыс түс көтеру арқылы жолдан өтеді.
Қызыл
Сары
Жасыл
Мұғалім:
- Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады?
- Реттеуші инспектор қызметкерлері ала таяғымен тұрады.
- Ендеше келесі тапсырма «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» Өздерің қалап алған ұпай сандар бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер?
1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла, балалар!)
2. Мына белгі нені білдіреді? (Қозғалысқа тыйым салынады)
3. Сымға асылып, жүр асығып (Троллейбус)
4. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар, қандай телефондарға қоңырау шалады?
(өрт сөндіру – 101, жедел жәрдем – 103 полиция 102 нөміріне қоңырау шалады)
5. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түсеміз? (алдыңғы есіктен түсіп, артқы есіктен мінеміз)
6. Мына белгі нені білдіреді? ( Жол беріңіз)
Мұғалім:
- Балалар, жол ережелер қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз. Бұл тапсырма өте қызық . Өздерінің таңдап алған белгілері бойынша белгілерді тауып, жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.
Ескерту белгісі: Өзі қызыл,
үшбұрышты,
Ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарды жолдаған.
Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған
Тыйым салу белгісі: Қызыл мен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жақта.
Көрсеткіш белгісі: Баратын сапардың қашығын тұрағын,
Үн - түнсіз жан сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнді де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.
Мұғалім:
- Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек?
- Жүргізуші куәлігі.
- Ендеше келесі 4 – кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ емтиханын сәтті тапсырсаңдар, МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.
МАИ емтиханы. Сауалнама
1. Жүргіншілер деген кім?
А. машина жүргізетін адамдар
В. көшеде жаяу жүрген адамдар
С. белгілер
2. Жолдан қай түс жанғанда өиуге болады?
А. кіруге тыйым салынады
В. жасыл
С. жол беріңіз!
3. Көлік келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А. болады
В. болмайды
С. Білмеймін
Бекіту. Оқушылар бүгінгі тапсырмалар арқылы біз жолда жүру ережелерін жақсы менгеріп алдық. Енді осы ережелерді бұзбай жолда абай жүруіміз керек. Барлық оқушыла жақсы қатысты. Сендерге рахмет!