23.07.2026
🌟 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БОЛАШАҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ! 🌟

🔔 «Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2026-2027 оқу жылына дайындық аясында «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» өз жұмысын бастайтынын қуана хабарлайды! 🏫✨
Бұл – бүлдіршіндер үшін үлкен өмірге, білім әлеміне жасалатын ең алғашқы әрі маңызды қадам!
🗓 Уақыты: 2026 жылдың 3 тамызы мен 14 тамызы аралығында.
🌈 «Балақайлар мектебінде» бүлдіршіндерді не күтеді?
🏫 Мектептің сиқырлы әлемімен, жаңа достарымен және мейірімді ұстаздарымен жақынырақ танысу;
📚 Оқытылатын пәндерге қызықты саяхат жасау;
🔢 Математика әлеміне және Әліппеге қызықты дайындық;
🎨 Логиканы дамытатын танымдық ойындар, шығармашылық тапсырмалар және көңілді тренингтер!
👩🏫 Биылғы оқу жылында 1-сынып оқушыларын қабылдайтын білікті ұстаздарымыз: 🌸 Ғаюпова Айгерім Маратқызы 🌸 Шакир Анар Кадировна 🌸 Аманбаева Лаззат Айсаевна 🌸 Бекова Куаныш Жанажоловна
❗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: Дайындық курсы басталғанға дейін мектебімізге келіп, 1-сыныпқа құжаттарды тапсыруға үлгеріңіздер! Қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. 📝✅
🎈 Біз сіздерді асыға күтеміз! Мектеп табалдырығын бірге, сенімді әрі қуанышпен аттайық! 🎒🎉