"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21.07.2026

🏆 БІЗ ГИННЕС РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІК! 🎉

Қосшы қаласының 5 жылдық мерейтойы қарсаңында тарихымызда алтын әріптермен жазылатын керемет оқиға орын алды! 🌟

Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, салт-дәстүрімізді жаңғыртқан ауқымды «Ұршық иіру» шарасында аяулы әжелеріміз, ардақты аналарымыз, он саусағынан өнер тамған қыз-келіншектеріміз бен жас қыздарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ГИННЕС РЕКОРДЫН орнатты!  Бұл – ауылымыз бен қаламыздың ортақ жеңісі, ынтымағымыздың жемісі! 👏

Осы тарихи сәтке үлкен үлес қосып, жоғары белсенділік танытқан Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің ұлағатты ұстаздары мен өнерлі оқушыларына шын жүректен АЛҒЫС білдіреміз! ❤️ Сіздердің қолдауларыңыз бен ұлт мұрасына деген шексіз жанашырлықтарыңыздың арқасында осындай үлкен белесті бағындырдық. 🤝✨

Кешегі күні саусақтың таңбасы қалған қасиетті өнерді қайта жаңғыртып, әлемге паш етуге атсалысқан әрбір жанға мың алғыс! 🙌

Ұлт мұрасы ұлықтала берсін! Бірлігіміз бекем, абыройымыз асқақ болсын! 🦅🇰🇿

#Қосшы5жыл #ТайтөбеАуылы #ҰршықИіру #ГиннесРекорды #ҰлттықҚұндылықтар #СалтДәстүр #ТайтөбеМектебі #БіздіңМақтаныш #GuinnessWorldRecords

 

 
Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст