Сценарий
05.05.2017 ж.
«Бейбіт күн жасасын әлемде»
«День Победы» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.
1-Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымызүшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де жақындап қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі шағын концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар!
1- жүргізуші: Биыл жеңістің 72 жылдығы. Мерекеге небары 4 күн қалды. Бізге бейбіт сыйлаған ардагерлерге мың тағзым етеміз.
2- жүргізуші: Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында қазақ сарбаздары үлкен ерлік көрсетті, жеңісті жақындатуға үлес қосты. Олар сұрапыл соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен, асқан ерлікпен қорғай білді.
1 - жүргізуші: Ел қорғау жолындағы қазақ сарбаздарының ерлігі түрлі шығармаларға арқау болды, бүгінде жас ұрпақтың жадында мәңгі жатталуда. Осыдан тура 72 жыл бұрын жасалған батырларымыздың ерен ерліктері туралы айтпай кетуге болмайды. Экранға назар аударайық.
Видеоролик
көрсетіледі: «Герои казахстанцы на ВОВ»
2 - жүргізуші: Осы батырларымызға тағзым етеміз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
/1 минут үнсіздік, үнтаспадан жай ғана ән
естіледі/
1- жүргізуші:
9 «ә» сынып ән орындайды ЖОЙЫЛСЫН СОҒЫС
2- жүргізуші:
Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Самал өскен даласын қорғады.
Кюй «Балбырауын»
1 - жүргізуші:
Естідім-ау Жеңіс күнін
Дүрілдейді көк пен жер
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы.
«Қазақ биі» Шашу тобы
2- жүргізуші:
Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Расұл «Үш бақытым» М.Мақатаев
1 - жүргізуші:
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт!
1 - жүргізуші :
Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Самал ескен жерін қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Даянаның орындауында «Туған ел»
2- жүргізуші:
1942 жылғы қараша айында майдандық «Сталинское знамя» газетінде жарияланған Нұрахмет Рымбековтың хатында Сталинградта шайқасқан қазақ жауынгерлерінің ой-пікірі айқын баяндалды. «Қазақстанның мыңдаған ұлдары туған елді қорғауға аттанды. Біз Сталинград түбінде орыстармен, украиндармен, белорустармен, өзбектермен, грузиндермен, армяндармен, туркмендермен, басқа да ұлт өкілдерімен бірге қоян-қолтық өзіміздің қалаларымызды да, ауылдарымызды да, өз отбасымызды да, әкелеріміз бен аналарымызды да қорғаймыз» деп тебірене жазды ол.
«Хорезм» өзбек биі
2 - жүргізуші :
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары
«Әлия»
1-Жүргізуші:
Болмасын соғыс елімде,
Қыраным ұшсын көгімде!
Болмасын соғыс,болмасын,
Бар әлемде бейбітшілік орнасын!
«Біз отанның ұланымыз!» хор
2-Жүргізуші:
Осымен сіздерге арнаған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты кешіміз аяқталды. Қелген қонақтарға рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Көк тудын желбірегені – Ибраев Жандос