Жас мұғалімге арналған жаднама
1. Сынып бөлмесіне қоңыраудан сәл ертерек келіңіз, бөлмені желдетіп алыңыз, сабаққа бәрі дайын екендігіне, жиһаздың дұрыс тұрғандығына, тақтаның тазалығына, білім берудің техникалық құралдарының, көрнекі құралдардың дайын екеніне көз жеткізіңіз. Электрондық журналға жазба жазыңыз. Үзіліс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сынып бөлмесінде тәртіпті сақтаңыз. Сабаққа кіруге қоңырау соғылған кез-
де барлық оқушыны сізді ұйымдасқан түрде қарсы алуға үйретіңіз. Сыныпты, әсіресе тәртіпсіз балалардың сабаққа дайындығын (оқулығының, оқу құралдары, дәптерлерінің болуын) тексеріңіз. Оқушыларға сабақты ұйымдастырылған түрде бастаудың әдемілігін және тартымдылығын көрсетуге тырысыңыз, әр кезде бұл үшін барынша аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.
2. Оқулықтағы парақты іздеуге уақытты босқа жұмсамаңыз, оны үзіліс кезінде дайындауға болады.
3. Сабақты жігерлі түрде бастаңыз. «Үй тапсырмасын кім орындамады?» деген сұрақ қоймаңыз. Бұл оқушыларды үй тапсырмасын орындау міндетті емес деген ойға алып келеді. Сабақты үнемі әрбір оқушы бос отырмайтындай етіп жүргізіңіз. Есіңізде болсын: кідірістер, жайбасарлық, қол бостық – тәртіпсіздіктің соры.
4. Оқушыларды материалдың қызықты мазмұнымен, проблемалық жағдайлар туғызумен, ойлау қабілеттеріне күш түсірумен қызықтырыңыз. Сабақтың қарқынын қадағалаңыз, әлсіздерге өз күшіне сенуіне көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты назарда ұстаңыз. Әсіресе назары тұрақсыз, алаңдап отыратын оқушыларды қадағалаңыз. Жұмыс тәртібін бұзу әрекеттерін болдырмаңыз. Сабақта міндетті түрде жеке жұмыс ұйымдастырыңыз.
5. Сабақ үстінде басқа іспен айналысып отыратын оқушыларға жиі өтініш жасаңыз, сұрақтар қойыңыз.
6. Оқушылар бағалау критерийлерін білуі керек, жауапты әділ түрде өзінше бағалай алуы және сыныптастарының жауаптарын бағалай алуы керек. Толық жауап беруін, тақта алдындағы жұмысына түсінік беруін талап етіңіз. Білім бағаланатынына ынталандыра отырып, өз сөзіңізге іскерлік, қызығушылық сипат беріңіз. Оқушыға жоғары баға алу үшін не істеу керектігін айтыңыз.
7. Сабақты рефлексиямен аяқтаңыз. Оқушылар өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттансын. Тәртіпсіз балалардың жұмысынан жағымды жақтарды байқауға тырысыңыз, алайда мұны сәл ғана жетістіктері үшін және жиі жасамаңыз.
8. Сабақты қоңырау соғылған кезде аяқтаңыз. Кезекшінің міндеттері туралы еске салып қойыңыз.
9. Артық ескертпелерден аулақ болыңыз.
10. Оқушылар тәртіпсіздік танытқан жағдайда өзгелердің көмегінсіз түзетуге тырысыңыз. Есіңізде болсын: тәртіпті біреудің беделі арқылы орнату сізге пайда әкелмейді, керісінше, зиянын тигізеді. Қолдау үшін сыныпқа жүгініңіз.
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ГУ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА
БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ СЕЛА ТАЙТЮБЕ»
«ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАДСКОГО
ОРТА МЕКТЕБІ» ММ РАЙОННОГО ОТДЕЛА
ОБРАЗОВАНИЯ
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
Тайтөбе ауылы село Тайтобе
Жас мамандарға тәлімгер тағайындау туралы
2020-2021 оқу жылында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт бағдар беру мақсатында БҰЙЫРАМЫН
Төмендегі жас мамандарға пән мұғалімдері тәлімгер болып бекітілсін
Р/с |
Жас маман |
Сабақ беретін пәні |
Еңбек өтілі |
Тәлімгер |
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
Мектеп директоры М. Досмагамбетов
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ГУ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА
БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ СЕЛА ТАЙТЮБЕ»
«ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАДСКОГО
ОРТА МЕКТЕБІ» ММ РАЙОННОГО ОТДЕЛА
ОБРАЗОВАНИЯ
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
Тайтөбе ауылы село Тайтобе
25.09.2020ж. № 80/2
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді
тағайындау туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, мектеп ұжымында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мектеп директоры М. Досмагамбетов
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ГУ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА
БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ СЕЛА ТАЙТЮБЕ»
«ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАДСКОГО
ОРТА МЕКТЕБІ» ММ РАЙОННОГО ОТДЕЛА
ОБРАЗОВАНИЯ
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
Тайтөбе ауылы село Тайтобе
25.09.2020ж. № 80/3
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің
міндеттерін жүктеу туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, мектеп ұжымында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің міндеттері Тайтөбе ауылының орта мектебі ММ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Адильбаева Сауле Амангельдиновнаға жүктелсін.
2. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Мектеп директоры М. Досмагамбетов