30.12.2025
«Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымға конкурс жариялайтынын хабарлайды.
Мекеме 3 бірлік бойынша бухгалтер маманы лауазымына конкурс өткізеді. Конкурс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Айлық жалақысы шамамен – 150000 теңге.
Конкурсқа қатысуға тиісті білімі, еңбек өтілі және кәсіби біліктілігі бар үміткерлер қатыса алады. Құжаттар белгіленген тәртіпте қабылданады.
Қосымша ақпаратты жұмыс күндері мектеп әкімшілігінен алуға болады. Байланыс телефоны 87776356308.
Біліктілік талаптары:
1. Бухгалтерлік есеп жөніндегі маманның жоғары экономикалық немесе қаржылық білімі және бухгалтерлік есеп бойынша тәжірибелік жұмысының кемінде 3-5 жылдық тәжірибесі болуы тиіс.
2. Кәсіби бухгалтер сертификаты.
3. Мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 3 жыл.
4. Денсаулық сақтау жүйесінде, медициналық қызметпен байланысты ұйымдарда жұмыс тәжірибесі артық.
5. Шоттардың жұмыс жоспарын, бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын және құжат айналымы тәртібін сақтау бойынша ұжымды басқару.
6. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу міндетті болып табылады.
7. Азаматтық, еңбек құқықтарының негіздерін, қаржылық және салық заңнамасын, бухгалтерлік есепке алу мен есептілікті жасауды, қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды білу.
8. Бухгалтерлік есеп жөніндегі маман электрондық кестелермен (MS Excel-ді қоса) және мәтіндік редакторлармен (MS Word) бірге 1С бухгалтерия жүйесін жақсы білуі және жұмыс істей алуы керек.
9. Еңбекқорлық, мақсаттылық, бастамашылдық, үйрену қабілеті.
10. Іскерлік қарым-қатынас тәжірибесіне, даулы жағдайларды шешудің жоғарғы қабілетіне ие болу.
Лауазымдық міндеттер:
1. Бюджет қаржысының есебінен жүргізілген барлық транзакциялар мен операцияларды журналды- есептік нысанда 1С бухгалтерия жүйесінде есепке алуды дер кезінде жүзеге асыру.
2. 1С бухгалтерияда есепке алумен екінші деңгейлі банктер арқылы төлемдерді жүзеге асыру және толықтық пен нақтылықты қамтамасыз ету үшін банктермен бірге төлемдерді және қаражаттың қалдығын ай сайын салыстыра тексеру.
3. Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жауапты кезеңнен кейінгі айдың 10-шы жұлдызына дейін 1С бухгалтерия жүйесіндегі барлық бухгалтерлік есепшоттарды және айналым-сальдолық тізімдемелерді ай сайын жабу бойынша процедураларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, аудиторлардың түзетулері бойынша сыртқы аудиторлармен жұмыс жүргізу және 1С бухгалтерия жүйесінің деректерімен аудиттелген қаржылық есептіліктің толық сәйкес келуі үшін осы түзетулерді 1С бухгалтерия жүйесіне енгізу.
5. Жаһандық қордың барлық гранттарының қаржысына сатып алынған барлық тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды 1С бухгалтерия жүйесінде дер кезінде есепке алуды жүзеге асыру және сандық қалдықтарды салыстырып тексеру.
6. Бастапқы құжаттарды ай сайын көшіру және оларды РПДҒПО бухгалтериясына өткізу, есепшоттар бойынша сальдоны ай сайын РПДҒПО бухгалтериясымен салыстырып тексеру.
7. ҚР заңнамасының және ЖҚ талаптарына сәйкес жобаны іске асыру шеңберінде барлық қаржылық және бухгалтерлік құжаттаманы сақтауды және мұрағаттауды жүзеге асыру.
8. ЖТС бойынша және резидент еместер үшін ЖТС бойынша ҰК үшін есептерді тоқсан сайын жасау және ҚР Ұлттық банкіне тоқсан сайын есеп әзірлеу.
9. Республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтар мен алымдарды, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын уақтылы және дұрыс есептеу, аудару.
10. Есепке алу саясатына және қаржылық нұсқаулыққа сәйкес ҚҚС дер кезінде және дұрыс қайтару бойынша мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетпен өзара әрекеттесу.
11. Жұмыс барысы туралы тоқсандық және жылдық есептерге талдау жасау және әзірлеу үшін қаржы маманына 1С бухгалтерия жүйесінен дер кезінде, нақты және толық қаржылық ақпаратты ұсыну.
12. Дебиторлық және несиелік қарызды контрагенттермен ай сайын салыстырып тексеру.
13. Гранттың барлық бухгалтерлік құжаттары бойынша есептілікті жасауға, оларды сақтау мен мұрағаттауға бақылау жүргізуді жүзеге асыру.