Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Тайтөбе ауылының
орта мектебі
Педагог-психолог Жакашбаева
Асемгуль Амангелдіқызы
Психологиялық
кеңестер. Тәрбие.
Бөтен адамдармен бала өзін қалай ұстау керек?
Сақтық пен мәдениеттілік.
Егер сіздің балаңызды кездейсоқ өтіп бара жатқан адам бірдеңеге үйретіп жатса- рахмет айтасыз ба, әлде, шеттеп тұрасыз ба? Бөтен адамның балалараға жасырын қауіп төндіріп немесе жәй ғана балаңызға сүйіспеншілік танытып тұрғанын қалай білуге болады? Бір жағынан баланы сыпайы болуға үйрету керек. Бір жағынан кішкене бала жаман адамды жолықтырып қалуы мүмкін... Біздің міндетіміз - балаларды кездейсоқ кездесулер мен жағдайларға дайындау. Балаға бөтен адамдармен өзін қалай керектігін түсіндірмес бұрын, үлкендер есте ұстау керек: баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра , оның ішкі әлеміндегі барабар қабілетін (аздаған сақтық, аздаған сенімділік) және оның үйлесімділігін бұзуға болмайды. Өкінішке орай, бүгінгі таңда баланың жеке бас қауіпсіздігі, бірінші жоспарға шығып тұр. Терроризм, жүйке-психикалық аурулардың көбеюі, нашақорлардың көбеюі, кішкене балалрдың таныс емес адамдармен сөйлесуіне үзілді- кесілді тыйым салуға тура келеді.
Бөтен адамдармен кездескенде баланың қауіпсіздігі.
Кішкентайыңыз кеше ғана сіздің қолыңыздан мықтап ұстап, қасыңызда адымдап келе жатқан еді. Қолды аздап босататын, одан кейін тіпті жіберетін уақыт келеді. Өсіп қалған бала анасыз өз бетімен аулада ойнайтын болады, бірақта, баланы өз бетімен жібермес бұрын, оған қауіпісздікті қамтамасыз етуіміз керек. Баланың ішкі үйлесімділігін бұзып алмай, балаға бөтен адамдармен өзін қалай қарым-қатынас жасау керектігін қалыптастыруымыз керек. Балаңыз біліп және мүлтіксіз орындайтын жалғыз ереже бар: Сіз әрқашанда, қай уақытта болсын балаңыздың қайда жүргенін білуіңіз керек. Мысалы, егерде сіздің көршілеріңіз балаңызды мультфильм көруге қонаққа шақырса, немесе бейтаныс аға көшеде одан көмек сұраса, онда ол міндетті түрде сізден рұқсат сұрауы керек. Қайда бармасын, бірінші сізге айтуы тиіс. Алайда, тура сол кезде сізден рұқсат сұрауға мүмкіндік болмай қалатын жағдайлар болады. Бұндай жағдайда баланы қатты қорқытпай, оның бөтен адамдарға үйдің мекен жайын, тел номерін, ата-аналары жайлы айтпау керектігін, ауладан бөтен адамдармен бірге кетіп қалмау керектігін түсіндіру керек. Баламен бірге бөтен адаммен адаммен кездесу кезінде көмектесетін бірнеше сөйлемдердің нұсқаларын ойын түрінде ойластырып көріңіздер. Мысалы, бөтен адамдардың қолынан /ештеңе/ тәттілерді алуға болмайтынын барлық балалар біледі. Мүмкін ол бейтаныс адамның бөтен ойы жоқ болуы мүмкін, шын жүректен балаға тәттісін бергісі келіп тұруы мүмкін. Ата-ана баланы тек сақтық шараларына ғана емес, мәдениетті, сыпайы адам қылып та тәрбиелеу керек. Бұндай жағдайда „ Рахмет, бірақ маған тәтті жеуге болмайды„ деген жауап орынды болады. Балаға сыпайы және мейірбан түрде бас тарта білуді үйретіңіз. Ересек бейтаныс адам балаға онымен бірге барып күшіктерге „мысықтарды, балықтарды, барбидің коллекцияларын) көруге шақырған жағдайда, сыпайылық танытып қажеті жоқ. Бұндай ұсыныстарға бала ешқандай күмәнсіз былай жауап беруі керек: „Маған анам бөтен адамдармен кетуге тыйым салады, егерде мені жайымақалдырмасаңыз, мен айқайлаймын„. Сыпайы емес, бірақ әсерлі. Егерде бала супермаркетте немесе метро станциясында анасынан адасып қалған жағдайда, кімге барып айтуы керектігін түсіндіріңіз. Көмек керек жайында униформа киген адамнан көмек сұрау керектігін, ал бөтен адамдардың онымен бірге барып анасын іздеу туралы өтінішіне „ Мен осы жерде қаламын, мамам мені қазір тауып алады„ деп нақты жауап беруі керек. Жалпы мектепке дейінгі балаларға түсіндірудің ең жақсы жолы оларға түсінікті тілде, қорқытпай, ертегі қалыпындағы кейіпкерлер осындай жағдайларға тап болып және ондай жағдайдан қалай құтылып шығатыны туралы түсіндіру керек. Олар, сақтыққа үйрететін немесе өзіңіз ойдан құрастырған әңгіме болуы мүмкін. Мысалы, „Колобок„ ,„ Қызыл телпек„ , Қасқыр мен жеті лақ„ т.б. ертегілер болуы мүмкін. Ертегіні талдаудан басқа, қысылтаяң жағдайда өзін ұстау ережелерін ойыншықтармен көрсеткен өте жақсы. Ең кішкентайлар үшін (2-4 жас) қуыршақтармен және де басқа кейіпкерлермен ойнап көрсетуге болады. Анасы қоян және қасқыр, түлкі және тиіннің атынан сай келетін сөздерді айтып, дұрыс жолдарын көрсетіп отыру. 5-8 жастағы үлкен балалармен отбасы мүшелерімен тірідей көріністер қойып ойнауға болады, тап беру, өз-өзін қорғау жолдарын кірістіріп ( белсенді қарсыласу, тістеу, айғайлау, пожар! Горим! „ қашу) көрсетуге болады. Сондай-ақ,балаларды теледидар экранынан ағыл тегіл төгіліп жатқан жағымсыз ақпараттардан шектеу керек. Қорқынышты әңгімелермен қорқытуға болмайды: тәжірибе көрсеткендей, жағдайды барабар бағалап және уақытында құтқарылып кетуіне дәл қорқыныш кедергі келтіретінін көрсетеді.