Текст
08.05.2026
🏆 СҮЙІНШІ! МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ! 🌟
Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз! Зияткерлік сайыста мектебіміздің намысын қорғаған 3 «А» сынып оқушысы Қадыр Райымбек «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 2-орынды иеленді! 🥈👏
Оқушымызды және оны білім нәрімен сусындатып жүрген сынып жетекшісі Мусабаева Айнаш Дуйсенбаевнаны осы үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐👩🏫
Райымбектің логикалық ойлау қабілеті мен білімге деген құштарлығы әрқашан жоғары бола берсін! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз! Жарайсың! 🎉📚🧠