"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

06.03.2018

«Қайырымдылық– адамгершілік белгісі»

Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын

Бекер айттым екен деп  қайта алмаймын

Өйткені біреулерге бақыт қонса,

Біреулер сорлап жатыр байқалмайтым.

Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын

Сазды әуенге елітіп алданбаймын

Бір әумесер есірсе есі кетіп,

Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.

Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын

Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын

Ойсыздарға ой салған оқпан болып

Асып – тасқан жерінде ән салатын

Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген

Анаңның жүрегі емес елжіреген

Еркелетіп  бойына үйретіп ап,

Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген

Кейде жұрт тың бәрінен артық етіп,

Түсірмейді қолын анасы қетіп.

Бұлөмірге, апыр ау дауабарма?

Кейде нұқып тастайды жасық етіп.

Қызығы да өмірдің осы болар,

Сан қилы мінезімен тосып алар.

Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,

Бауырындай құшақтап қосып алар.

 

 

 

«Мейрімділік

– жүректен» – дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» – деген. Махаббат барлық адамгершілік бастауы десек, адам жүрегі махаббатқа сүйіспеншілікке толы болса

ғана: мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Бар мейірімділік, ізгілік, рақымдылық, имандылық, бауырмалдық, секілді ізгі қасиеттер жұдырықтай жүрегімізден шығуы қажет.

Біздің ортамызда да ондай азаматтар жоқ емес. Тайтөбе ауылының  мешітін  салған  жеке  кәсіпкер  Әбдірахман 

Болат Үкібайұлы демеуші  болып,   мектебіміздің 5 оқушысына  140000 теңгеге көмек көрсетті. Әрине, халық осындай  азаматтарын білу керек. Мешіттің имамы Үшкелбаев Ерсін Мәскеубайұлы  игі шараға    үлес қосты.

Қазақтың  жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

Сонымен  қатар ,ұстаздар мен оқушылардың бастамасымен, мектебіміздің әлеуметтік қолдауға зәру 16 оқушысына көмек көрсетілді. 

Бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.

Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!

 

 ТІЖО                  Адильбаева С.А.

 

 

 

 

 

                           

Просмотров: 617

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст