Текст
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Республикалық акция 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсеткісі келетіндер Тайтөбе ауылында орналасқан, Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебіне келе алады.