ХАБАРЛАНДЫРУ
“Ақмола облысы Қосшы қаласы Тайтөбе ауылыынң жалпы орта білім беретін мектебі” КММ 17 тамыз бен 25-тамыз аралығында Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі бойынша бос орындарға түйіндемелерін енбек.кз порталында тіркелген тұлғалар келесі құжаттарды ұсынуы қажеттігін хабарлайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде:
1) Құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы;
4) Педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Аттестациядан өту нәтижелері туралы анықтама немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санаты бар екендігі туралы анықтама;
10) Ағылшын тілі мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін пән бойынша шекті деңгейі 90% кем емес аттестаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші біліктілік санатының сертификаты, немесе магистр мұғалімі немесе CELTA, DELTA, IELTS, TOEFL сертификаты бар болса,
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы;
12) Тәжірибесі жоқ үміткерге арналған ұзақтығы кемінде 15 минут, ең аз рұқсаты 720 х 480 бейне көрсетілімі;
Үміткер бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпартты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, алдыңғы орын басшылығының ұсыныстары) ұсынады.
Осы қағидалардың 118-тармағында көрстілген құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттар Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі 15, Тайтөбе ауылының ЖОББМ, қабылдау бөлмесі мекенжайы бойынша қабылданады.