16-21 қаңтар аралығында өткен тарих
апталығының жоспары
№ |
іс -шаралар |
уақыты |
жауапты |
1 |
Апталықтың ашылуы. «Тарихты білу-ұрпақ парызы» баяндама |
16.01 сағ.10.10.мин |
Жахин Р.Ж. Мукатаев А.Б |
2 |
Тарихи сөзжұмбақтар мен ребустарды шешу |
17.01 |
Абдрахманова Г.Т |
3 |
«Отан туған жерден басталады» атты сыныптан-тыс викториналық сұрақтар сайысы |
18.01 |
Жахин Р.Ж |
4 |
Ашық сабақтар өткізу
Патриоттық әндер сайысы. 5-11 сынып |
19.01 8.30-14.00
15.00-16.00 |
Жахин Р.Ж Мукатаев А.Б Абдрахманова Г.Т |
5 |
«Қазақтың ұлы кемеңгерлері» интеллектуалдық сайысы 8-11 сынып |
20.01 |
Жахин Р.Ж
|
6 |
Қазақ хандығы: ерлік пен елдіктің бастауы. 6 сынып интеллектуалдық сайыс |
21.01 |
Абдрахманова Г.Т |
7. |
Апталықтың жабылуы. Сыныптан тыс сайыстардың нәтижесін қорытындылау және оқушыларды марапаттау |
23.01. |
Мукатаев А.Б Жахин Р.Ж Абдрахманова Г.Т |
Тарих апталығының қорытындысы
16-21 қаңтар аралығында тарих апталығы
өтті.Апталықтың жоспары бойынша дүйсенбі күні оқушыларды өткізілетін
іс-шаралармен таныстырып,
«тарихты білу-ұрпақ парызы» атты баяндама оқылды.
Сейсенбі күні тарих пәні мұғалімі
Абдырахманова Г.Т. 5-6 сыныптар арасында тарихи сөзжұмбақтар мен ребустар
сайысын ұйымдастырды. Оқушылар стендте ілініп тұрған тапсырмаларды
орындап,жауаптарын арнайы жәшікке салып отырды.
Сәрсенбі күні күні тарих пәні
мұғалімі Жахин Р.Ж. «Отан туған жерден басталады» атты сыныптан-тыс
викториналық сұрақтар сайысында оқушыларға өзі тұрған жерінің тарихына
байланысты Целиноград ауданы және Ақмола облысы жайлы сұрақтар берді.Сонымен
қатар Ұлы Отан соғысы жайлы сұрақтарға жауап беріп, жауаптарын арнайы жәшікке
салуды тапсырды.
Бейсенбі күні 8 сыныпта
«Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен нәтижелері» атты тақырыпта Жахин
Р.Ж. ашық сабақ өткізді.
Жұма күні Жахин Р.Ж. 10 сыныпта «Қазақтың ұлы кемеңгерлері»
интеллектуалдық сайысын өткізді.Сайыс барысында оқушылардың кемеңгер
тұлғалардың өмірімен кеңірек танысуларына мүмкіндік алды.
Сенбі күні тарих пәні мұғалімі
Абдырахманова Г.Т. 6 «а» және 6«ә» сыныптары арасында «Қазақ хандығы: ерлік пен
елдіктің бастауы» атты интеллектуалдық
сайыс өткізді.Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп,Қазақ хандары,Қазақ
хандығы және Тәуелсіздік туралы өз
білетіндерін ортаға салды.
Дүйсенбі күнгі линейкада тарих апталығы қорытындысы
шығарылып,
белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.Атап айтқанда«Отан туған жерден басталады» атты
сыныптан-тыс викториналық сұрақтар сайысында
1 орынды 9 «ә» сыныбының оқушысы Бейсенбайқызы Сымбат,2 орынды Жәдігер
Ұлмекен және 3 орынды Умарова Эльнора иеленіп,мадақтама қағаздармен
марапатталды.
«Қазақ хандығы: ерлік пен елдіктің бастауы» атты интеллектуалдық сайыс
қорытындысы бойынша 1 орынды 6
«а» сыныбы 2 орынды 6«ә» иеленіп,
мадақтама қағазбен марапатталды.
5-6 сыныптар арасында тарихи сөзжұмбақтар мен ребустар сайысында 1 орынды Берік
Тамилла иеленді.
Тарих пәні мұғалімі Жахин Р.Ж.