Текст
Тайтөбе ауылының орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік және «Қамқорлық» айлығының аясында бүгін бастауыш сыныптар арасында
қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар оқушылары мен ата-аналар өз қолдарынан әртүрлі тәтті тағамдар әкеліп жәрмеңкеде сатты. Одан түскен қаржы көпбалалы және отбасы аз қамтылған жанұя балаларына көмек берілетін болады. Осы игі іс-шаралар оқушылар мен ата-аналар асқан бір мейірімділік танытып, белсенділік көрсетті.