«Отан-отбасыдан
басталады» тақырыбында өткізілген дебаттың есебі
2017 жылдың 8 ақпан күні 8-11 сынып аралығында «Отан-отбасыдан басталады» тақырыбында дебат өткізілді.Дебат өзін-өзі тану
онкүндігінің жоспарына сай тарих пәні мұғалімі Жахин Р.Ж және технология пәні
мұғалімі Сейдуалиев Досхан үйымдастыруымен өткізілді.Дебат барысында оқушылар
екі топқа бөлініп, жеребе бойынша бірі осы тақырыпты жақтаса,екінші топ
керісінше даттады.Жақтаушы топ құрамы 9 сынып оқушылары-Жанатаева
Нүрия,Тоқболат Ақманат және 8 сынып оқушысы Богембаев Әлішер болса,даттаушы топ
-11 сынып оқушылары-Жантөре Айжарқын, Тұрар Тлеген және 9 сынып оқушысы Задабек
Мирас сияқты оқушылардан құралды.Жақтаушы топ оқушылары Отанның отбасымен байланыстылығын дәлелдеу мақсатында
өз ойларын ортаға салды.Үш оқушы
кезекпен сөз сөйлеп,2 минут көлемінде жарыссөз жүргізді.
Даттаушы топ
Отанның отбасыға байланысты емес екендігін,қоғам мен өмірмен байланыстылығын
дәлелдеуге тырысты.Қызу пікірталас орын алып, барлық оқушылар кезегімен сөйлеп
шықты.Дебаттың нәтижесін директордың ғылыми-әдістемелік ісінің орынбасары Гүлім
Сәбитбековна қорытындылап,Жантөре Айжарқын бастаған топтың жеңіске жеткендігін
жариялады.Оқушылар алдағы уақытта да осындай дебаттарды жиі өткізуге тілек
білдірді