"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ең таңдаулы жас физиктер

15.06.2017

Тақырыбы: «Ең таңдаулы жас физиктер»

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;  ойлау қабілетін дамыту;  бір-бірімен

достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін шындау; топпен жұмыстана білуге баулу; еңбекке баулу; ойшыл оқушыларды

тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: сайыс жоспары,  физиктердің 

физика туралы айтқан нақыл сөздері, формулалар т.б.

 

Сайыстың кезеңдері:

1-тур:  Сәлем –сөздің анасы

2-тур:  Мақал –сөздің мәйегі

3-тур:  Физикалық жұмбақтар

4-тур: Сәтті кезең

5-тур: Ойланайық, ойлайық!  (логикалық сұрақтар)

6-тур: Суреттер сыр шертеді

7-тур:  Топтастыру

Сайыстың

барысы:

Мұғалім:

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам

баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады,

білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ

ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады

деп ойлаймыз. Сондықтан  бүгінгі “Білімді ұрпақ-ел тірегі” атты

сайысымызға қош келдіңіздер!

- Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға

қатысатын 7сынып оқушыларынан құралған

– «Ойшылдар» тобын, 8  сынып оқушыларынан

құралған –«Тапқырлар» тобын  тобын ортамызға шақырамыз.

Әділ баға беруге,

Шақырайық ортаға

Әділқазылар алқасын – дей отырып,

бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әдәлқазылар алқасын сайлап алайық.

-       

Сайысымыздың шарттарын таныстырып өтсек, жалпы

сайысымыз 7 бөлімнен тұрамыз.

   

  1 кезең - «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топ

басшысы топ мүшелерімен таныстырады,  өз ұранын және эмблемасымен

таныстырады. Бұл кезеңде жоғары ұпай - 5, төменгі ұпай – 3 ұпай.

 

    2 кезең – «Мақал-сөздің мәйегі». Бұл кезеңде әрбір

топқа 5 мақал-мәтел береді. Әрбір топ мақал-мәтелдің физикалық маңызын ашуы

керек. Әрбір дұрыс жауапқа - 10 ұпай.

   

  3 кезең - «Физикалық жұмбақтар». 10 жұмбақ оқылады. Қолдарындағы

жалаушаны тез көтеру

арқылы жауап береді,

жұмбақтың жауабын айтады. Жұмбақты дұрыс шешкеннен кейін

оны орыс және ағылшын

тілдеріндегі аудармасын айтады. 3 тілде толық айтса – 30

ұпай, 2 тілде – 20

ұпай, тек қазақ тілінде айтса – 10 ұпай.

  

  4 кезең – «Сәтті кезең». Бұл бөлімде тақтада формула жазылған топшамалар берілген  осы топшамаларды алып, онда жазылған

формуланы анықтау керек.. Дұрыс жауап-10

ұпай.

    

5 кезең – «Ойланайық, ойлайық!». Бұл кезеңде топтың әрбір мүшесіне 2 сұрақ

қояды. Әрбір дұрыс жауап – 10 ұпай.     

   6 

кезең –  «Суреттер сыр шертеді» оқушыларға

физик-ғалымдардың  суреттері беріледі,

олар бір суретті алып ғалымның өмірбаянын, еңбегімен түсіндіреді және сол

ғалымның атымен тобын атайды.

    7 кезең – «Топтастыру». Бұл бөлімде топтар тақырып алып

топтастырады.

Жүргізуші:

Сайысымыздың шарттары түсінікті болса,

1 кезең «Сәлем-сөздің анасы» кезеңін бастаймыз.

1 топ:  «Ойшылдар» тобы

Ұраны:

    Жарыс десе жанамыз,

                  

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Эмблемасымен таныстыру

2-топ:  «Тапқырлар»

тобы

Ұраны:  Қандай сынақ болса дағы беріспе,

               

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Эмблемасымен таныстыру

 

 2 кезең «Мақал- сөздің мәйегі»

 Мына мақалдардың мән мағынасын  физика тілінде екі сөзбен түсіндіру.

 Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз- заттың қатты

күйі)

 Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды.

(Масса, физикалық шама)

 Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар

(Бор, жұғу құбылысы)

Көк лағым көген сүйрейді (Ұршық,

шеңбер бойымен қозғалыс)

Жылт-жылт етеді жылғадан өтеді.(Су,

сұйык күй)

Табаныма байладым, қос аяқпен

айдадым. (Қысым, сырғанау үйкелісі)

 

3 кезең - «Физикалық жұмбақтар». Жұмбақты шешу

Кім барлық тілде

сөйлейді? (Жаңғырық)

Неге су отты сөндіреді?

(от ауасыз жанбайды, су ауа жібермейді)

Елеуішпен су әкелуге

болады ма? (Болады, мұз күйінде)

Егер ыдыстағы суды ішіп

қойсан, ішінде не қалады? (Ауа, су  буы)

Ашық ыдыстағы су неге

азаяды? (Булану)

Көзіңмен көресің, бірақ

қолмен ұстай алмайсың? (Көлеңке)

 

4 кезең «Сәтті кезең» тақтада

формула жазылған топшамалар берілген  осы

топшамаларды алып, онда жазылған формуланы анықтау керек.

Жылдамдық

Қуат

Жұмыс

Үйкеліс күшінің

формуласы

Үдеу

Потенциалық энергия

Қысым

Заттың тығыздығы

Архимед күші

Гук заңы

Кинетикалық энергия

Ауырлық күші

 

5 кезең – «Ойланайық, ойлайық!»

Астрономия нені

зерттейді? Аспан денелерін

Атмосфералық қысымды

өлшейтін құрал? (барометр)

Қысымның өлшем бірлігі?

(паскаль)

Температураны өлшейтін

құрал? (термометр)

Заттың неше күйі бар?

(қатты, сұйық, газ)

Элементар зарядттың  мәні неге тең? ( 1,6 *10-19 Кл)

Күшті өлшейтін құрал?

(динамометр)

Қай планетаның сақинасы

бар? ( сатурн)

Бір центнерде қанша кг

бар? (100 кг)

Қозғалыстағы

қарама-қарсы бағытталған күш қалай аталады? (үйкеліс)

 

Зат неден тұрады?

(молекула)

Тоқты өлшейтің аспап?

(амперметр)

Күштің өлшем бірлігі?

(ньютон)

Судың тығыздығы? (р=1000

кг/м3)

Авагадро тұрақтысы? ( 6*1023мол-1)

Қалыпты жағдайда қысым

неге тең? (105Па)

Диффузия құбылысы  қандай күйде тез өтеді? (газда)

Спектр құбылысын ашқан

кім?(Нюьтон)

1 кг неше грамга тең?

(1000г)

Зат өте  ұсақ бөлшектерден құралатындығын болжаған

кім? (Демокрит)

 

Жүргізуші:

Жас физиктер биіктерге

қалықтасын,

Жеңіспен көк

жүзінде  шарықтасын.

Жеңіс туы желбіреп

алауласын,

Бәйгені  өздерінен 

ешкім алмасын.

 

6  кезең –  «Суреттер сыр шертеді» оқушыларға

физик-ғалымдардың  суреттері беріледі,

олар бір суретті алып ғалымның өмірбаянын, еңбегімен түсіндіреді және сол

ғалымның атымен тобын атайды.

 

6. «Топтастыру» оқушылар

берілген топшаманы алып  берілеген

тақырыпты топтастырады.

Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан

топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар

есептеуін

сұраймыз.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Сұрақтарға толық  жауап берген және ұпай сандары жоғары топ «Ең

таңдаулы жас физиктер»  аттына ие болып,

арнайы мадақтама қағазымен марапатталады.

 

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст