Сабақтың тақырыбы: Жарықтың қасиеттері. Жарық. Жарық жылдамдығы.
Жарық көздері Сабақтың
мақсаты: жарық көздері,
жарықтың таралу заңдарымен байланыстыра отырып, адам мен табиғат үйлесімділігі
туралы түсініктерін молайту.
Білімділігі:
әлемнің тіршілігі үшін
жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете
түсу;
Дамытушылығы:
оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелігі:
сыныпта жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс
жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жеке , топпен жұмыс
Оқыту әдісі: түсіндірмелі,
сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: геометрия,
жаратылыстану, өзін-өзі тану.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, дидактикалық
материалдар,
графопроектор, слайд, суреттер т.б.
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту
технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
Сәлеметсіздерме Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сара Алпысқызының 76 жасқа
толу мерей тойына байланысты, біздің мектебімізде 10 күндік апталық өтуде соған
орай өзін –өзі тану пәнін физика пәнімен ықпалдастыру ашық сабағымызға қош
келдіңіздер.
Жылулық шеңбер (оқушылар шеңберге тұрып, жүректі бір-бірлеріне таңғы
тілектерін арнау арқылы ұсынады).
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Табиғаттың адам өмірінде алатын рөлі.
Топқа бөлу
І топ Жарық
ІІ топ Фотон (топ басшыларын сайлайды)
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой толғау» стратегиясы
(оқушылар кітаппен жұмыс жасайды, топтарында сұрақты талқылайды, болғаннан кейін барлықтары бір –бірінің қолдарынан
ұстап, қолдарын көтереді, оқушы тұрып жауап береді)
•
Жарық дегеніміз не? Қандай денелер жарық көздері бола алады?
•
Адамның тіршілігі мен іс-әрекетіндегі
табиғаттың рөлі қандай?
Жарық және жарық құбылыстары
туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын
дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Жарық нені білдіреді?
Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны
болып табылатын фотондар ағыны.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық
энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Фотондар жылдамдығы
жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі
заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000
км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері
қозғала алмайды.
Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық
жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.
Жарық көздері – жарық
шығаратын денелер.
Ғаламдағы негізгі
жарық көздері-жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре
алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама
зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің
массасынан 333000 есе үлкен.
1-тапсырма. Бес жолды өлең
2-тапсырма. Топтама
Тыныштық сәт.
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз
табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң
аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық).
Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың
иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән
салып жатқанын естисіз ….. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық,
табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан
және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір
біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір,
денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп
айтамыз.
Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?
Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді
тудырды?
3- тапсырма
оқушыларға тақырыпқа байланысты үлестірмелі карточкалар арқылы есептер мен сұрақтар беріледі.
Бағалау.
Қорытынды.
Олай болса, біз әртүрлі жарық құбылыстары бар дүниеде өмір сүреміз. Ол
жарық беруші жылу береді емеспе? Ендеше біз де бір-бірімізге сол жылу мен
жарықты бере білейік.