"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқорлық- адамның асыл қасиеттерінің бірі

15.06.2017

Қамқорлық- адамның

асыл қасиеттерінің бірі

 

Қамқорлық — жақсы адамның бағалы және керемет

қасиеттерінің бірі. Тұлғаның қоршаған ортасындағы адамдарға деген қамқорлығы

мен жәрдемін адамгершілік байланыстарын көрсетеді. Сонымен қатар, адам өз

ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға

ұмтылады. Қамқор адам кей-кезде тапшылық, жоқшылық адамдарға жәрдемдесуімен,

қаржылай көмектесуімен көзге көрінеді. «Қамқорлық»  акциясы жыл сайын өтетін

қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр.  Осы уақытта біздің елімізде

көптеген қамқорлық қорлары ұйымдастырылып,  қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады. Осыған орай 10.01.2017ж.-10.02.2017 жылдың 

аралығында мектебімізде 

«Қамқорлық» акциясының  айлығы өткізілді.

 «Қамқорлық» акциясының  негізгі мақсаты - тұрмысы төмен, көп балалы және жетім,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және

қолдау көрсету болып табылады.  Айлық барысында тұрмысы

төмен және көп балалы отбасынан,  жартылай

жетім отбасынан шыққан білім алушылар анықталды.  Аталған шара аясында Тайтөбе орта

мектебінде тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық»

қайырымдылық акциясында «дәмді» жәрмеңкесі  ұйымдастырылып, әр сынып өз үлестерін қосып,

нәтижесінде 82 000 теңге көлемінде 18 оқушыға қажетті киімдер мен оқу

құралдары алынып, қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы сияқты іс-шаралар өткізіліп

отырса деймін, себебі қазағым ешқашан жетім баласын жылатпаған. Ашаршылық кезінде,

соғыс уақытында бір үзім нанымен бөліскен- ҚАЗАҒЫМ! Қазыбек бидің халқымның кеңдігі,

жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған

емес:

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға,

Қиын қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба

Қиналғанды аңғарар

Өзіңнен сөз тарапты

Жақсылыққа жалғанар

Дәнекер боп жүргенің

Азаматтық ерлігің

Жөн жосықты білгенің

Еңсесі биік елдігім

Байлық қуат алапат

Қағып түсер қарғысың

Демеушілік шарапат

 

 

Айша

Баймаханқызы

Тайтөбе

ауылы орта мектебінің әлеуметтік педагогы

Просмотров: 929


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст