ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ: «О,АДАМДАР,БІРГЕМІН МЕН
СЕНДЕРМЕН!»
Төлеген Айбергенов: «О,адамдар,біргемін
мен сендермен!»
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының
рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтың өмір
жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас
ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған
елге деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәрбие
негіздерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Залда Төлеген Айбергеновтың портреті қойылады, слайдтар, кітап
көрмесі, ақын туралы қанатты сөздер.
Мұғалім:
Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ,тегеурінді екпін әкелген ақын Төлеген
Айбергенов атамызға арналған «О,адамдар біргемін мен сендермен!» атты ашық тәрбие
сағатымызды ашуға рүқсат етіңіздер!
I
Жүргізуші:
О, адамдар, біргемін мен сендермен,
Ықыласыңа еш
нәрсені теңгермен.
Сендер менің бақытымның бұлағы,
Сендер менің
дарыныма жел берген.
Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,
Жарты құртты бөліп
жедім, сырластым.
Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,
Рақатын ойлау
үшін бір бастың.
II – Жүргізуші :
Барлығын да бағыштар ем сендерге
Махаббатын маған берсе жер-көктің.
Қолыңнан қала тұрса тас қаланып,
Құдіретіңе табынса аспан алып.
Сен жасаған бақытты көріп тұрып,
Сені сүймеу не деген масқаралық.
Алдымнан
көреген емес жол кесіліп,
Келемін демеуіңмен өрге шығып.
О, адамдар, ғапу ет,
шалыс бассам,
Кешіріңдер,
Менікі пендешілік
Мұғалім:
Т. Айбергенов туралы мағлұматтар іздеп, өз беттерімен дайындалуға тапсырма
берілген, олай болса ақының өмірбаянынан бастайық.
Ақын
1959-1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-1965 жж. Шымкент
облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор, 1965 жылдан
Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет
істеді. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағын 1974 жылы,
қайтыс болғаннан кейін алды. 1997 жылы ақынның «Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен
ол туралы жазылған «Біргемін мен сендермен» атты естелік кітап, 2001 жылы «Бір
тойым бар» атты жыр кітабы жарық көрді.
I Жүргізуші:
Қазақ поэзиясында өзіндік үн- ерекшелігімен танылған
ақын көп . Алайда, Төлеген Айбергеновтің дара даусы, ақындық қолтаңбасы ешкімге
ұқсамайды, ешкімді қайталамайды. Позэияда өзінше соны бір із салған Төлегеннің
жырларын парақтап оқып отырсақ, жеткізбей жүрген бір арманына қол созған
ақынның ақпа күшін аяқтатпай алып қашқан тым биік мұнаралар көз алдымызға
келеді. Бүгінін емес, ертеңін көп арман еткен ақынның жырлары жаңа ғасырда да
өз оқырмандарының көз қуанышына айналды.
II жүргізуші: Өлең жазсам,тал бойым,
Қорғасын боп балқиды.
Шертіп бір сырлы сан күйді,
Домбыра көңілім шалқиды.
Жақсы өлең туса құттықтап,
Жатады шулап ну орман
Орындалғандай ну арман
Қалам бір шығып құмардан.
Бұл ақынның өлең туралы толғанысы еді.Арамызда Айбергенов
жоқ,бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Біз де бүгінгі
кеште сөз кезегін ақынның өлеңдері мен әндеріне берейік.
1-оқушы:
Сен менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Баладан қасиет бар алға асатын.
2-оқушы:
Сендер менің ұшар басым биіктеген,
Жолдарыңа тапқанымды үйіп- төгем.
Сендер менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нәрсе сол жүрекетен сүйікті екен.
3-оқушы:
Арманыңды ақтармын ба, жүрегімді тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен
Мен өзіңді теңдесі жоқ, құдірет деп түсінем
4-оқушы:
Мен де ақынмын!
Ақынға таңсық емен,
Таңсық емен де әншіге мен!
Келіп тұрған алдына, Айбергенов!
Ал, мынау Қалдаяқов Шәмші деген.
I Жүргізуші:
Көрініс: Көңілді өткен жыр-ән кешінен соң, Алматыдан ат арытып келген қос талант Жайық
бойымен серуендеп келеді. Толқындары ай сәулесімен ойнаған түнгі Жайықтың
керілген көркем келбеті ақынның да, композитордың да шабытын оятқандай. Кенет,
жанындағы дабырлай сөйлегендерге Шәмші қолын көтеріп «тоқта» дегендей белгі
береді. Ешкім ештеңе түсінбей үнсіз қалады. Жүзінде қан ойнап, ойлы көздері
ұшқын атқан Шәмші құлағын Жайыққа тосып, « Естідіңдер ме, Жайық ән салып жатыр»
дейді. Композитордың бұл қылығына түсінбегендер күлерін не күлмесін білмей
тұрып қалады:
Төлеген: Жайық
та ән сала ма екен?!
Шәмші: Төлеген сен қалай естимей тұрсын? Жайық ән
салып тұргой. Осы әнді тездетіп нотаға түсірсем, сен сөзін жазып бере аласыңба?
Төлеген: О, досым осылай шабытың келіп тұрса әдемі
толқынды Жайыққа неге сөз жазбасқа.
I Жүргізуші:
Содан шабыттың шаңқан бозына мінген Шәмші әннің
музыкасын, Төлеген әннің сөзін бір түн ішінде шығарып, сол кездегі « Атырау»
газетінің қызметкері, белгілі ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың үйінде жазып, сөйтіп
атақты « Ақ ерке, Ақ Жайық» Жайық жағасында өмірге келеді.
Ән: «Ақ ерке,Ақ Жайық»
II Жүргізуші:
Ақынның қысқа да нұсқа жырларының өзі асыл тастан
мөлдіретіп құйылған моншақтай көздің жауын алатынын қайтерсің.Тек тастан
жасалған моншақты жан жоқ қой, ал Төлеген ақын керсінше жансыз дүниеден жанды
әлемді мегзеп, өз оқырмандарының көңілін соған еріксіз аударып, жан дауасына
айналдырып жібергеніне таңданасыз.
I жүргізуші:
Өзінің өлең-жыр тойының мәңгі-бақи
тарқамайтын,талай жыл бұрын болжаған ақынды «әулие емес» деп кім айта алады?!
Оның тойы өлмей тұрып-ақ отызға толмай тұрып-ақ басталып кеткен еді.Содан бері
әні жалғасып келеді.
II жүргізуші: Төлеген, меніңше де, әулие
ақын! Ол өзінің өлетінін де және қайда неден өлетінін де болжай салған!
Өлең: «Бір жетсе менің ажалым жетеді»
I жүргізуші: Кезекті өмірден өзі кетсе
де,Төлеген жырларына баға берген
Қаламдастарын пікірлерін тыңдалық.
Мұғалім: Олай болса оқушылар, Төлеген Айбергенов туралы ақын-жазушылардың
пікірлерін өмірден өзі
кетсе де,Төлеген жырларына баға берген қаламдастарын тыңдалық
I жүргізуші:
Төлеген жырлары туралы ойласақ,ол жырларды
адам қолынан шықты қаламмен жазылды дегенге сенің де келмейтін секілді. Бұл
әлдісыр құдірет арқылы ақын көкірегіне құйылып,содан төгіле қалған дүниелері ме
дейсіз. Төлеген –құйма жырдың киесіндей ақын. Төлеген-Алланың ерекше мейірімі
түскен адам болса керек. Өмір-жасы қысқа болғанымен, поэзия көгіне өз
жырларын,қолтаңбасын мәңгі өшпес күн секілді шығарып кетті емес пе?-дегім
келеді.
II жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі
кешті ақынның «Қоштасу» өлеңімен аяқтауды жөн көрдік.
Сенделіп өрттей сезіммен,
Лапылдап кетіп барамын.
Үзуге моншақ көзімнен
Жақындап кетіп барамын.
Құдіретіңе о,туған жер,
Сеніп кетіп барамын.
Қимастық сенің отыңнан
Теңселіп кетіп барамын.
Алысқа барам арман қып,
Ауырың болса арт,өмір!
Жолына жырдың құрбан қып,
Басымды тіктім әйтеуір.
Мұғалім:
Осымен құйма жырдың киесі Төлеген Айбергенов
ақынға арналған бағдарламамыз мәресіне жетті. Сөз соңында,әрқашан ақынды еске
алып,жырларын оқи жүрейік-дегім келеді.