Білім -әлемдік, тәрбие ұлттық -болуы керек.
Мектеп ұжымы Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен
танысты. Саяси, экономикалық
реформаларда еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол адамның
құндылығы, рухани байлығы, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты
сіңіре білу жұмысында рухани салаға мән бермесек, мұнымыз үлкен қателік
болатынын айтып отыр. Мақаласындағы
ұлттық сананы жаңаша қалыптастыру, басқа елдердің озық тәжірибесін, жетістіктерін
бойға сіңіріп, пайдамызға асыру туралы айтқанын зиялы қауым қуана құптап отыр.
Елбасының руханиятқа, білімге,
ғылымға мән беруі – үлкен көрегендік. Бұл жұмыс дер кезінде жасалып жатыр, енді
оны халыққа жеткізе білу керек. Бұл – еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан
жұмыс.Еліміздің болшақтағы келбетін анықтайтын – бәсекеге қабілеттілік.
Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада
болуы керек. Бәсеке болған жерде
жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды жөндейміз. Сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп,
дамытып отыруға тиіспіз.
«Білімді мыңды жығады, білекті
бірді жығады» дейді. Білімі мықты болуы үшін еліміздің білім беру саласын
реформалаймыз деп жатыр. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуымыз керек. Білім әлемдік,
тәрбие ұлттық болуы керек. Ата-бабаларымыздан келе жатқан үлкен құндылықтар жүйесі
жастарымыздың да санасына еніп, олар әр нәрсеге сын көзбен қарап, жақсы
үрдістеріміздің бәрін бойына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр.
Елбасы тәрбие, білім беру саласына үлкен мән беріп отыр. Әсіресе, үштілділік
мәселесі басты назарда. Ағылшын тілі – әлемдік тіл. Бүкіләлемдік тіл болғаннан
кейін біз одан сырт қала алмаймыз. Дегенмен қазақ тіліне басымдық беруге
тиіспіз. Біздің мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына
қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз. Жалпыұлттық патриотизм ұғымын
кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы туралы Елбасы өзінің мақаласында
жан-жақты түсініктер берген. Бұл бағдарламаның халқымызға жаңа рух, жаңа серпін беретіні анық. Бұл
бағдарламаның аясына тарихымыз да, руханиятымыз да кіріп кетеді. Соның
нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз
қазақстандық жаңа буын пайда болады.
Тайтөбе ОМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адильбаева С.А.