«Жылы жүрек»
Жыл басы Білім және Ғылым министірлігінің «ҚАМҚОРЛЫҚ» акциясымен басталғандығы көпшілікке жақсы таныс. Елбасының оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру бойынша «ҚАМҚОРЛЫҚ» атты республикалық акция жиі өткізілуде. Атап айтсақ, дәл қазіргі таңда «Жалпыға бірдей міндетті» оқу айлығы аясында 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Негізінен бұл, мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге, мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсетуге бағытталған. Тайтөбе орта мектебінде осы акция аясында әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан оқушыларды қолдауға бағытталған
іс-шара жоспары құрылды.
Мектеп директоры Досмагамбетов М.Ш. бастамасымен ата-аналар мен ұстаздар үшін «Қамқорлық» акциясы аясында хабарландырулар мен сенім телефондарын жазу арқылы жанұясында зорлық-зомбылық
көріп жүрген балаларға көмек көрсету туралы ақпараттар ілінді. Әлеуметтік педагог Жумабаева А.Б. «Жылы жүрек» акциясы туралы мектепке логотип қолдана отырып, ақпараттық бұрыштар орнату және «Тәуекел» тобына жататын оқушыларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар өткізіліп, рейд нәтижесінің негізінде мектептерде «Тәуекел» топқа жататын балалардың, отбасылардың және әлеуметтік көмек қажет ететін балалардың жеке тізімдері, мекен – жайлары туралы мәліметтер жинақталды. 1 –11 сынып жетекшілері мектепке келіп-кетудің қауіпті аймағы туралы оқушыларға түсіндіріп, бұл жөнінде ата-аналар жиналысында айтылып, кеңінен талқыланды.Тұрмысы төмен отбасыларға ұстаздар мен оқытушылар тарапынан «Қайырымдылық жасауға асығыңыз» ұранмен мектебімізде дәстүрлі болған «Дәмді» атты жәрменкесі өткізілді. Нәтижесінде, жәрменкеде 65000 теңге, сонымен қатар, 30000 тг. демеушілер тарапынан жиналған, осы қаржыны әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетілді.
Тайтөбе ОМ ТІЖО Адильбаева С.А.