"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы жаңалық: ҚР ТЖМ Академиясына оқуға енді қыздар да қабылданады.

10.03.2023

2023 жылдың 1 наурыз күні Қосшы қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері келіп мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысын жасады. Кездесуге 11 сынып оқушылары қатысып, төмендегідей  ақпарат алды.

📑Жақсы жаңалық: ҚР ТЖМ Академиясына  оқуға енді қыздар да қабылданады.

Акмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Акмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсуге қабылдау басталды. 
 ҚР ТЖМ  М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау Академиясына күндізгі оқу нысанына орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары (ұлдар мен қыздар) қабылданады. Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі. 

Академияда оқу шарттары: курсанттарды оқыту, республикалық бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ курсанттарға демалыс кезінде жол жүру ақысы төленеді. Оқу мерзімі - 4 жыл. Оқу уақыты мен мерзімі әскери қызмет өткерумен теңестіріледі. 
Басты жаңалық – биылдан бастап азаматтық қорғау Академиясына оқуға қыздар қабылданады. 1-4 курс аралығында қыздар Көкшетау қаласында жатаханадан тыс жерде өз есебінде тұрады. 

Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің  кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (еркін нысанда) береді. 
Толық ақпарат алу үшін Қосшы қаласының ТЖБ 8(778) 620-28-25 телефоны арқылы хабарласуға болады. 

Қосшы қаласының ТЖБ

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст