"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған..."

16.02.2023

2023 жылғы 15 ақпанда Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай "Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған..." тақырыбында ауған соғыс ардагері Беков Айтжан Нургалиевичпен кездесу кеші өтті. 

♦️Кеш мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі тұту, опат болған жауынгерлерге тағзым ете отырып, патриоттық тәрбие беру.


♦️1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстан билігінің өтінішінен кейін кеңес әскерлері Ауғанстан жеріне интернационалдық көмекке аттанды.  Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет, елдің өз ішінде ғана емес, сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Статистикаға сүйенсек: 10 жылға созылған соғыста КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны 14453 ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысты.


♦️Айтжан Нургалиевич 1987-1989 жылдары Ауған соғысында болды. "Ерлігі үшін" медалі, Ауған халқының алғыс медалімен қоса Қазақстан үкіметінен түрлі марапаттарға ие болған. Айтжан Нургалиевич соғыстағы зұлмат жылдарын баяндап берді. Кеш барысында оқушылар ардагерге өздерінің көкейіндегі сұрақтарды қойып, әсерлі жауап ала отырып, Ауған соғысы, оған қатысқан жауынгерлер туралы толық мәлімет алды. 


♦️Кеш соңында мектеп директоры Досмагамбетов Мұсабек Шуақбайұлы Ауған соғыс ардагеріне директор атынан Алғыс хат пен кішігірім сыйлық табыстады.
#Ауғансоғысыардагері
#Ерліккетағзым

Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст