Бүгін Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінде 7-11 сыныптың ұлдар жиналысы өтті. Жиналыста қаралған мәселелер:
1. Мектептің ішкі тәртібі, сабаққа кешігу және себепсіз қалу
2. Электронды темекі, оның зияны
3. Ұлдар арасындағы әлімжеттілік
4. Буллинг
5. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс, оның жазасы
6. Ұлдар гигиенасы
7. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта жүруі туралы
Осы аталған мәселелер бойынша жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова Салтанат Бақытқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жахин Рустем Жанатаевич, АӘД мұғалімі Балабеков Ербол Габдоллаевич, психолог Арингазина Динар Дүйсенбекқызы және кәмелеттік істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Отаралиева Акгуль Алдабергеновна, учаскелік полиция инспекторы , полиция лейтенанты Иссаев Ренат Рахимович қатысты.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Отаралиева Акгуль Алдабергеновна электронды темекі зардаптары, әлімжеттік жағдай орын алғанда, кәмелет жасқа толмағандар қылмыс жасағанда, ата-анасыз түнгі уақытта жүру кезінде салынатын айыппұл мен жаза жайында мағлұмат берді. Инспектор Иссаев Ренат Рахимович қазіргі таңдағы буллинг және кибербуллингтің кең таралуы, оның салдары неге әкеп соғатыны жайлы ақпарат жасады. Оқушылар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.