"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Нашақорлыққа жол жоқ"

22.11.2022

Қараша айының 11 і күні Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінде "Өзін-өзі басқару ұйымы" оқушылары және тәлімгер Ерназарова Аяулым Оңдасынқызымен бірге "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты- оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру, дамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.

Нашақорлық дегеніміз не?
● Нашақорлық - заманымыздың дауасыз індеті.
● Нашақорлық – есірткі заттарды пайдалану.
● Нашақорлық – психикалық ауру.

Жастар арасында есірткі пайдалану етек алып бара жатыр.

Наркоман - “нарке” деген грек сөзінен шыққан.
“Тығын”, “қозғалыссыз”, “ес ауысу” деген мағына береді.
Есірткі заттар адам ағзасының ең кішкентай бөлшегі биомембраналарға әсер етеді.
● Биомембраналар сұйық кристалл түрінде өмір сүреді.

● Есірткі заттар оларға әсер етіп, жасушалардың өлуіне әкеп соқтырады.
● Жасушаның өлгені бүкіл ағзаның өлгені болып табылады.

Есірткіні ермек үшін пайдаланып көргісі келгендер азап торына қалай түсіп қалғанын өзі де білмей қалады.
Нашақорлар – ауру адамдар, олар есірткі заттар үшін түрлі қылмыстар жасайды.
Есірткі зат нашақордың барлық ақыл - ойын билеп алады.
●“Ұрла, өлтір, алда, әйтеуір мені қолға түсір, әйтпесе мен сенің жаныңды қинаймын” – деп жанын қысқанда, ол өзінің не істеп қойғанын білмейді.
● Сондай кезде өзінің туған ата - анасын да құрбан етіп, есірткінің әмірін орындайды.

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст