"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың күзгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

22.11.2022

Оқушылардың күзгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында 28 қазан күні мектепішілік жиналыс өтті. Күзгі демалыстың басталуымен біздің балалар үшін  жолдарда, су қоймаларында, орманда, ойын алаңдарында, аулаларда қауіпті болуы мүмкін. Бос уақыттың болуы, балалардың қызығушылығы, ең бастысы ересектердің тиісті бақылауының болмауы жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік ережелерін білу арқылы оқушылар каникул кезінде жарақат алмайды.
- Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған! 
-Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электрқұралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды.

-Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды.
-Міндетті түрде ЖЖЕ сақтау қажет! Жолдан дұрыс өту.
🔶Балалар білуге тиіс: бұралқы жануарлармен ойнамау;  дәрілерді, таныс емес заттарды қабылдамау, ішімдік, наша, рұқсатсыз су жағасына барма; бейтаныс ауданда серуендемеу, биіктіктен секірмеу; бағдаршамның қызыл түсіне және көрсетілмеген орында жүгірмеу; өткір, жарылғыш, жанғыш заттармен ойнамау; 

компьютер алдында көп отырмау; қоқыс, құрылыс алаңдарында, тас жол және темір жол маңында жүгірмеу; бейтаныс адамдарды пәтерге шақырмау, бөгде адамдарға ата-аналарының ақшаны, бағалы заттарды сақтаған жерлері туралы айтуға болмайды; асқа бейтаныс өсімдіктер мен азық – түліктерді қабылдамау;  пәтер кілтін басқа біреулерге көрсетуге болмайды;  қоғамдық орындарда өзін – өзі ұстау әдебін сақтау.

🔶Құрметті ата-аналар!
Балалардың ата-ана бақылауынсыз көшеде болуына жол бермеңіздер. Кәмелетке толмағандарға ересектердің қарауынсыз   сағат 22.00 ден кейін кеш жүруге  рұқсат берілмейді. 

Балаларыңызға жедел қызмет телефон нөмірлерінің, жақын туыстарыңыздың телефондары мен өз телефондарыныздың қажетті тізімімен қамтамасыз етіңіздер.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - ересектердің басты міндеті.
Балаңызға қауіпсіз демалысты қамтамасыз етіңіз!!!

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жапарова Салтанат Бақытқызы.

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст