Текст
Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінің 11 "Ә" сынып оқушысы Умарова Ұлжан Көкшетау қаласында өткен мектеп парламентінің үздік Президентіне арналған "Көш көсемі - 2022" облыстық байқауына қатысып, жүлделі 2 орын алды. Сонымен қатар мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органдары және балалар ұйымдарының көшбасшылары арасында "Мен - елімнің ертеңімін" облыстық форумға қатысқаны үшін сертификат табысталды. Көшбасшылық қабілетімен ерекшеленіп көзге түскен оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз💐