Тайтөбе ауылы мектебінде 20 қазан күні 7-11 сынып қыздары арасында жиналыс өтті. Жиналысқа қатысқандар: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, акушер гинеколог, мектеп медбикесі. Жиналыс мақсаты - қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Жиналыста қаралған мәселелер:
1. Тазалық, мектептегі тәртіп
2. Жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктілік
3. Қыздар арасындағы буллинг
4. Электронды темекі
5. Кәмелетке толмағандардың түнде жүрмеуі
Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова С.Б "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыпта баяндама оқып, қаралған мәселелер бойынша сөз сөйледі. Қоғамдағы қыз баланың рөлі, тәрбиесі, жүріс-тұрысы, сабақ үлгерімі жайлы талқыланды.
"Жанұя" отбасылық емханасының акушер, гинекологы Гулнар Мендешовна "Жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктілік" тақырыбында біршама ақпарат беріп, әңгіме өткізді. Қыздар өзінің қойған сұрақтарына жауап алды. Мектеп психологтары жасөспірімдік кезеңде балалар бойында орын алатын мінездегі өзгерістер, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, қиын жағдайда орындайтын іс-әрекеттер туралы шағын мәлімет беріп өтті.