Текст
21 қазан Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінде "Республика күніне" орай мектепішілік салтанатты жиын өтті. Жиында мектеп директоры Досмагамбетов М.Ш барлық ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Сонымен қатар оқушылар Отан, туған жер туралы жыр шумақтарын орындап, ән шырқалды. Аталған іс-шара балалар бойына патриотизм сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін дамытады.
Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова С.Б
Тәлімгер: Ерназар А.О