Текст
Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінде "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты мерекелік концерті өтті. Концертке Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жүмкеұлы, Тайтөбе ауылы әкімі Парасат Мұсабекұлы қатысып, қарттарды мерекесімен құттықтады. Ауыл қарияларына мерекелік концерт қойылып, ақ дастархан жайылып құрмет көрсетілді.
Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік болмақ.