Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінің 1 "В" сыныбында "Жол жүру ережелері" тақырыпта сынып сағаты өтті.
Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі.
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп - тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы
кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде жүру тәртібін жақсы білуі керек.
1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.
4. Жер тайғақ болса, жолда абайла.
5. Жолдың оң жақ шетімен жүр.
Сынып жетекшісі: Бекова Қ.Ж