Текст
Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебінде Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыпта өткен жиынға барлық оқушылар мен ұстаздар түгел қатысты. Мерекелік шараға Целиноград ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Дулатов Нурлан Серикказыевич пен ауыл әкімі Досмаганбетов Парасат Мұсабекұлы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтады. Мектеп директоры Досмаганбетов Мұсабек Шуақбайұлы барша жиынға қатысушыларды құттықтап, өткен жылдың қорытындысын жасап шықты. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер өлең шумақтарын айтып, әсем әуенмен жиынымыз жалғасты. Мұғалімдер мен оқушылар марапатталып, алғашқы қоңырау соғылды.