Текст
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Республикалық акция 2022-2023 оқу жылы бойы жалғасады. Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсеткісі келетіндер Тайтөбе ауылында орналасқан, Тайтөбе ауылы ЖОББ мектебіне келе алады.