Текст
2019 ж. 23-24 сәуір күндері Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша білім беру ұйымдарының директорларына арналған «Заманауи мектеп: дәстүрлі, жаңашылдығы, табыстары» тақырыбында облыстық Форумның пленарлық отырысы өткізілді.
Форумда: «Балаларға арналған тегін IT - сыныптар», «Заманауи мектеп: жаңа ойлар», «XXI ғасырдағы ұстанымы», «Білім беру мазмұның жаңартудың өзекті мәселелері», «Білім беру технопаркі: биоинформатика и синергетика», «Шағын жинақты мектептердегі көшбасшылық және басқару» секілді мәселелер қарастырылды.
Осы форумда ширек ғасыр білім беру ісіне еңбек еткені үшін мектебіміздің басшысы Досмагамбетов Мұсабек Шуақбайұлы «Алғыс хатпен» марапатталды