"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ!”

08.04.2019

“ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ!”

Денсаулық- ол шынықан
Барлық дене мүшесі:
Ден саулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол  күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті,
Құру үшін сен сауық
Керек мықты денсаулық.

 

Тайтөбе орта мектебінің  1 «б»сынып оқушысы Ахмадиев Инсар –каратэ до дан Қазақстан чемпионы,  бірнеше мәрте халықаралық турнирлердің жүлдегері. Бүгінгі таңда ол Жапония астанасы Токио қаласында 2019 ж. 15- 17 наурызда өткізілген  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Каратэмен 4 жастан бастап айналысып келеді.Одан басқа шахмат және жүзуді үйрететін үйірмелерге қатысады. Сонымен қатар, Нур –султан қаласында, оқушылар сарайында пианинода ойнауды үйреніп жүр. Инсардың жан-жақты болып өсуіне ата-анасы, әжесі мен ағасы ықпал етеді.

Инсарды осындай жетістікке жетелеп жүрген бапкері – Қазақстан  Республикасының спорт шебері Серікпаев Талғат Ислямович. Бапкерінің айтуынша, Инсардың болашағы зор, тек алға ұмытылып, еңбек етсе болғаны.

Инсарға тілейтініміз  биік шыңдарды бағындырып, еліміздің ақылды, парасатты азаматы болсын!

 

 

 

Тайтөбе ОМ

ДТІЖО                Адильбаева С.А.

 

Просмотров: 638


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст