Елбасының оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын республикамыз бойынша Білім және Ғылым министірлігінің бұйрығына сәйкес «ҚАМҚОРЛЫҚ» акциясы өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, осы оқу жылы барысында «Жалпыға бірдей міндетті» оқу айлығы аясында 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Негізінен бұл, мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге, мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсетуге бағытталған. Тайтөбе ауылының орта мектебінде осы акция аясында әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан оқушыларды қолдауға бағытталған іс-шара жоспары құрылды. Мектеп директоры Досмагамбетов М.Ш. бастамасымен ата-аналар мен ұстаздар үшін «Қамқорлық» акциясы аясында хабарландырулар мен сенім телефондарын жазу арқылы жанұясында зорлық-зомбылық көріп жүрген балаларға көмек көрсету туралы ақпараттар ілінді. Әлеуметтік педагог Омарбекова А.И. «Жүрегім толы мейірім» акциясы туралы мектепке логотип қолдана отырып, ақпараттық бұрыштар орнату және «Тәуекел» тобына жататын оқушыларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар өткізіліп, рейд нәтижесінің негізінде мектептерде «Тәуекел» топқа жататын балалардың, отбасылардың және әлеуметтік көмек қажет ететін балалардың жеке тізімдері, мекен – жайлары туралы мәліметтер жинақталды. 1 –11 сынып жетекшілері мектепке келіп-кетудің қауіпті аймағы туралы оқушыларға түсіндіріп, бұл жөнінде ата-аналар жиналысында айтылып, кеңінен талқыланды.Тұрмысы төмен отбасыларға ұстаздар мен оқытушылар тарапынан «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» ұранмен мектебімізде дәстүрлі болған «Дәмді» атты жәрменкесі өткізілді. Нәтижесінде, жәрменкеде 95000 теңге, сонымен қатар, 15000 тг. демеушілер тарапынан, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 30 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Барлығы 110000 тг. қаржы жұмсалды..
Тайтөбе ОМ әлеуметтік педагог Омарбекова А.И.