"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұқағали мәңгілік!»

25.02.2019

Қара өлеңге қара табан шағынан бас иген шайыр, қарапайым жырларымен-ақ өзіндік қолтаңба қалдырып, ғасыр ақыны атанған Мұқағалидың жырлары халқының жүрегіне жол тауып, мәңгілік мекендеді.

Ақпан айының 22-ші жұлдызында Тайтөбе орта мектебінде аудандық «Мұқағали оқулары» өтті. Жыр сайысына мектеп оқушылары сұрыпталған жас мұқағалитанушылар атсалысты. Іс-шараның басты мақсаты-жүрегі бар адамның сезімін селт еткізердей Мұқағали жырларын болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатындай із қалдыру. Байқауға қатысушылар жақсы дайындықпен келіпті. Өнер байқауы барысында қатысушы ақын өлеңдерін тебірене оқып, әндерді әсерлі орындай білсе , Мұқағали бейнесін, ақын жасаған бейнелерді сомдай біліп, көрермен қауымды өз өнерлеріне тәнті етті. Жүлде алған жастарға ұйымдастырушылар алқасы мақтау тапсырды.

Просмотров: 523


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст