"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі

07.12.2021

 

2021 жылғы 7 желтоқсанда, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан халқымыздың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» тақырыбындағы аудандық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринді қазақ халқының тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға ретінде кеңінен таныстырып, өшпес ілімі мен өнегелі мұраларын жас ұрпаққа дәріптеу.

Конференцияға Қосшы №1, Қосшы №2, Қызылжар, Қызылсуат, Жарлыкөл, Жалғызқұдық, Сарыкөл ауылдарының мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Барлығы 11 баяндамашы қатысты.

Конференция баяндамашыларын бағалау мақсатында

  1. Лев Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Байтанасова Қарлығаш Медетқызы;
  2. Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Жумкей  Берген Жұмкейұлы
  3. Целиноград аудандық білім бөлімінің әдіскері Мусина Айнұр Далабайқызы шақырылды.

Конференция 3-бөлімнен тұрды. Олар:

І-бөлім. «Ыбырай Алтынсарин және оның ағартушылық мұрасы»

ІІ-бөлім. «Педагогикалық ғылым мен білім: өзекті сұрақтар мен мәселелер»

ІІІ-бөлім. «Менің педагогикалық тәжірбиемдегі Ыбырай Алтынсариннің тәжірбиесі мен идеялары»

Барлық баяндамашылардың жұмыстары тыңдалып, келесідей қорытынды жасалды.

«Ыбырай Алтынсарин және оның ағартушылық мұрасы» бөлімі бойынша

1-орын - Сейсенбаева Нурлан Кокашевна Сарыкөл ауылының ЖОББМ;

2-орын - Кабденова Гулназ Кабдрахмановна Тайтөбе ауылының ЖОББМ;

3-орын - Кушкумбаева Гаухар Манарбековна Р. Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы ауылының ЖОББМ;

Сертификат - Сабирова Жұлдыз Рахатқызы №2 Қосшы ЖОББМ.

«Педагогикалық ғылым мен білім: өзекті сұрақтар мен мәселелер» бөлімі бойынша

1-орын - Мадинаш Айсұлу Қызылжар ауылының ЖОББМ;

2-орын - Мендыбаева Аяулым Елубаевна Қызылсуат ауылының ЖОББМ;

3-орын - Беков Айтжан Нургалиевич Тайтөбе ауылының ЖОББМ;

Сертификат - Тлеубек Ақнұр Сәбитқызы №2 Қосшы ауылының ЖОББМ.

«Менің педагогикалық тәжірбиемдегі Ыбырай Алтынсариннің тәжірбиесі мен идеялары» бөлімі бойынша

1-орын - Турсунаева Карлыга Алтынбековна Тайтөбе ауылының ЖОББМ;

2-орын - Кожаназарова Майя Арстанбековна №2 Қосшы ауылының ЖОББМ;

3-орын - Жургембаева Нұргүл Дулатқызы Жарлыкөл ауылының ЖОББМ.

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст