Тайтөбе ауылының орта мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы бойынша мәлімет
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акция мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау мен көмек беру.
Акцияны өткізу мақсатында алдын ала жоспар құрылып, отырыс ұйымдастырылып, комиссия мүшелері сайланды. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар тізімі нақтыланып, олардың шарадан тыс қалмауы қамтамасыз етілді. Мектебімізде 2021 жылдың 19 шілде күні мектебімізде Жалпыға Бірдей Білім беру қорынан мектебіміздің аз қамтылған отбасыларынан шыққан 66 оқушыларына әр оқушыға 27900 теңге көлемінде сертификат беріліп сол соммаға мектепке қажет оқу-құралдар жабдықтар мен киім-кешектер үлестірілді. Жалпы көрсетілген көмек көлемі 1 841 400 теңгені құрады. Ата-аналар оқушыларымен келіп өз қалаған мектепке қажет заттарын алып қуанып, Целиноград ауданының білім бөліміне, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, осы акция щеңберінде кәсіпкерлер де мектебімізге айтарлықтай демеушілік жасап көмек көрсетті. Жалпы мектебіміздің 17 оқушысына мектепке қажетті оқу құралдары, мектеп формасы, спорттық киімдер және аяқ киімдермен қамтылды. Көрсетілген көмектің жалпы суммасы 360 000 теңгені құрады. Осындай игі істер ауылымыздың аз қамтылған отбасыларын қуанышқа боледі.
Мектеп директоры: Досмагамбетов М.Ш.