18.05.2026
Жас мамандарымыз «Izden quiz IQ» байқауында І орын иеленді! 🏆✨
Қосшы қаласы мектептерінің жас мамандары арасында ұйымдастырылған «Izden quiz IQ» қалалық интеллектуалды байқауында біздің мектептің намысын қорғаған ұстаздарымыз үлкен жеңіске жетті! 🥇🎓
Жоғары интеллектуалдық әлеуеті мен кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде таныта білген команда мүшелері: 🧠💡
👨🏫 Бағысбаев Н.Д.
👩🏫 Әбжаппарова А.Ә.
👩🏫 Спанова Ж.Е.
Әріптестеріміз білімі мен тапқырлығының арқасында барлық сыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанып, І-дәрежелі дипломмен 📜 және І орын кубогымен 🏆 марапатталды.
Жеңімпаз ұстаздарымызды осынау керемет жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐👏 Сіздердің бұл жеңістеріңіз – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да сарқылмас қуат, шығармашылық табыс және жаңа биік белестерді бағындыра берулеріңізді тілейміз! 🚀🌟
Мектеп әкімшілігі 🏫