"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен оқушымын!» тренингі өткізілді

22.10.2025

Бірінші сынып – әр баланың өміріндегі жаңа, маңызды кезең. Бұл кезеңде балалар балабақшадағы еркін ортадан мектептегі тәртіп пен жаңа ережелерге көшеді. Сондықтан оқушылардың мектепке бейімделуін жеңілдету мақсатында «Мен оқушымын!» атты арнайы тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің басты мақсаты – 1-сынып оқушыларына мектеп өміріне оңай бейімделуге көмектесу, өз-өздерін сенімді сезінуіне, бір-бірімен достасуына және мектепке деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында балалар әртүрлі қызықты ойындар ойнап, өздерін таныстырып, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытты. «Мектеп деген не?», «Мен қандай оқушымын?» секілді сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Жүргізілген жаттығулар арқылы балалар өз эмоцияларын танып, оларды дұрыс басқаруды үйренді.

«Мен оқушымын!» тренингі арқылы оқушылардың жаңа ортаға бейімделуін қолдап, олардың мектеп өміріне деген оң көзқарасын қалыптастыруға үлес қосылды.

Тренинг өткізген педагог-психолог Кемелова А.Б.

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст