"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік психолог» қалалық байқауы

14.12.2025

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ

"Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі”

🌟"Үздік психолог" қалалық байқауы.

2025 жылдың 14 қазанында Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік психолог» қалалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Іс-шара Тайтөбе ауылының ЖОББ мектебі базасында өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты - кәсіби құзыреттілігі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды педагог-психологтарды анықтау, оларды қолдау және еңбегін көтермелеу.

Байқауға Қосшы қаласының жалпы білім беретін мектептерінен үздік педагог-психологтар қатысып, өздерінің кәсіби шеберлігін, жаңашылдығын, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын ортаға салды. Қатысушылар әртүрлі кезеңдер бойынша психологиялық әдістемелерді таныстырып, кәсіби тапсырмаларды орындау арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша мектебіміздің педагог- психологы Кемелова Айнура Бауыржанқызы жүлделі ІІ орын иеленді. Байқау педагог-психологтардың кәсіби өсуіне және тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік берді.

Педагог-психолог Кемелова Айнур Бауыржанқызын құттықтаймыз!
                                                                                                                                                                                                     
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы

#Адал_азамат
#oqu_agartu_ministrligi 
#gani.beisembayev
#anar_tanirbergenova18 
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст